Зарина Диас Жапониядағы турнирдің бірінші ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты

09.05.2025, 10:00

Теннисшінің жартылай финалдағы қарсыласы әзірге белгісіз

Зарина Диас Жапониядағы турнирдің бірінші ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты
Instagram.com/zarinadiyas

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан ITF W35 халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты.

Ширек финалда Зарина турнирдің бірінші ракеткасы — аустралиялық Лизетт Кабрерамен кездесті. Қарсыласы мықты болғанына қарамастан, қазақстандық спортшы үш сетке созылған матчта 6:2, 3:6, 6:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Енді отандасымыз финалға шығу үшін күш сынасады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам