
Бірінші айналымда Диас жапониялық Киса Ешиокамен кездесті
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Курумэ қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирді сәтті бастап, жарыстың екінші кезеңіне жолдама алды.
Бірінші айналымда Диас жапониялық Киса Ешиокамен кездесіп, қарсыласын екі сетте айқын басымдықпен жеңген . Кездесу 6:4, 6:0 есебімен аяқталды. Келесі кезеңде Зарина тағы бір жапон спортшысы — Лиза-Мария Риумен кортқа шығады.
Бұған дейін Зарина Диас кибербуллинг мәселесі туралы айтып, жеңілістерден кейін жанкүйерлердің теріс реакциялар білдіретінін ашық айтқан болатын.
«Ондай хаттар тек қазақстандықтардан ғана емес, бүкіл әлем бойынша келіп жатады», - деген еді отандасымыз.