
Отандасымыздың келесі қарсыласы – жапониялық Момоко Кобори
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті.
Ширек финалға шығу үшін өткен матчта Диас жапониялық Лиза-Мария Риуге қарсы ойнады. Кездесу 6:1, 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды. Енді Заринаның келесі қарсыласы – тағы бір жапониялық теннисші Момоко Кобори болмақ.