
Ол бұған дейін ITF санатындағы бірнеше турнирді жеңген
Жарақатына байланысты ұзақ уақыт теннистен қол үзіп, былтыр кортқа оралған қазақстандық Зарина Дияс Жапониядағы ITF W50 санатындағы халықаралық беделді турнирдің жеңімпазы атанды.
Зарина финалда жергілікті 27 жастағы Аяно Шумицуды жеңді. Матч екі сетте аяқталды. Әлемдік рейтингте 318-ші орында тұрған отандасымыз қарсыласынан 6:4, 6:3 есебімен басым түсті.
Бұл Заринаның тенниске оралғаннан кейінгі бірінші титулы. Ол жарақатына байланысты екі жылға жуық кортқа шықпады. Содан кейін бабына келу үшін көп уақыт қажет болды.