Зарина Диас жанкүйерлеріне үндеу жолдады

17.05.2025, 13:17

Отандасымыз WTA Live рейтингісінде бірден 289-орынға көтерілді

Зарина Диас жанкүйерлеріне үндеу жолдады
ktf.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Курумеде (Жапония) өтіп жатқан ITF W50 санатындағы халықаралық турнирдің финалына шыққаннан кейін жанкүйерлеріне мақсатын айтты.

Қазіргі уақытта әлемдік рейтингте 318-орында тұрған отандасымыз күншығыс еліндегі сында 6-нөмірмен тіркеліп, өнер көрсетуде.

Ол желіде жазба жариялап, турнирде жеңімпаз атану үшін барын салатынын жеткізді.

«Жапониядағы турнирдің финалына шықтым. Алға!», - деп жазды теннисші.

Естеріңізде болса, Зарина Диас жартылай финалда Қытай өкілі Мэйлин Ванмен (WTA №336) кездесіп, аса тартысты матчта 2:1 (6:3, 3:6, 7:5) есебімен жеңіске жетті. Аталған ойын 2 сағат 16 минутқа созылды.

Енді отандасымыз финалда жапондық Аяно Шимицумен (WTA №288) өзара мықтыны анықтайды. Аяно жартылай финалда жапон теннисшісі Михо Курамотиден (№391) басым түсті.

Зарина Диас Жапониядағы жарыстағы көрсеткіштері бойынша WTA Live рейтингісінде бірден 289-орынға көтерілді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам