Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

23 жастағы теннисші кокаин қолданғаны үшін жарыстардан шеттетілді

20.05.2025, 17:33

Спортшы допинг ережелерін бұзған

23 жастағы теннисші кокаин қолданғаны үшін жарыстардан шеттетілді
Instagram/imransibillee

Халықаралық теннисте адалдықты қамтамасыз ету агенттігі (ITIA) Мароккодан шыққан 23 жастағы теннисші Имран Сибилланы уақытша жарыстардан шеттеткенін мәлім етті.

Сибилла – Рафаэль Надаль академиясының тәрбиеленушісі, ол Теннис бойынша антидопингтік бағдарлама (TADP) аясында жарыстарға қатысу құқығынан айырылды.

Агенттік мәліметінше, спортшыға допинг ережелерін бұзғаны туралы алдын ала ескерту жолданған. 2025 жылдың 9 наурызында Каталонияда өткен ITF World Tennis Tour M25 турнирі кезінде тапсырылған сынамада тыйым салынған заттар анықталған.

«Сынама A және B болып бөлінді. A сынамасынан кокаин және оның метаболиттері табылды. Бұл зат TADP тізіміндегі стимуляторлар қатарына жатады», – деп мәлімдеді агенттік өкілдері.

Қолданыстағы ережеге сәйкес, спортшы уақытша шеттету шешіміне қарсы тәуелсіз трибуналға шағым түсіре алады. Алайда қазіргі уақытқа дейін Сибилла апелляция бермеген. Ол жарыстарға қатысуға, жаттығу жүргізуге және кез келген теннис турниріне баруға тыйым салынған.

ATP деректеріне сәйкес, Имран Сибилла әлемдік рейтингте 1433-орында тұрған. Ол Марокконың Дэвис кубогы құрамасының мүшесі болған. Өз мансабында Карлос Алькарас пен Энди Маррей сынды жұлдыздармен кортқа шыққан. Тони Надальдың жетекшілігімен жаттыққан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам