Рыбакина Страсбург WTA 500 турнирінің чемпионы атанды

24.05.2025, 19:39

Ол 142 мың еуро жеңіп алды

Рыбакина Страсбург WTA 500 турнирінің чемпионы атанды
WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орында) Францияның Страсбург қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалда отандасымыз ресейлік Людмила Самсоновамен (19-орын) кездесіп, үш сетте 6:1, 6:7, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Елена Рыбакина биылғы маусымдағы алғашқы титулына ие болды. Маусым басталғалы қазақстандық теннисші ең үздік нәтижесіне Абу-Даби мен Дубайда (БАӘ) қол жеткізген, ол кезде жерлесіміз жарыстың жартылай финалына шыққан.

Елена енді Франциядағы «Ролан Гарросқа» қатысады. Қазақстандық теннисші бірінші айналымда аргентиналық Хулия Риерамен (204-орын) кездеседі.

Естеріңізде болса, Рыбакина соңғы рет 2024 жылдың сәуірінде Германияның Штутгарт қаласында өткен турнирде топ жарып, жаңа Porsche көлігін де ұтып алған болатын.

Қазіргі таңда қазақстандық теннисшінің WTA деңгейіндегі 9 титулы бар:

  • 2025: Страсбург
  • 2024: Брисбен, Абу-Даби, Штутгарт
  • 2023: Индиан Уэллс, Рим
  • 2022: Уимблдон
  • 2020: Хобарт
  • 2019: Бухарест

Қазақстанның бірінші ракеткасы Страсбургтегі жеңісі үшін 142 610 еуро мен 500 рейтингтік ұпайға ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам