Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Маусымда алғаш рет: Рыбакина WTA 500 турнирінің финалына шықты

23.05.2025, 23:49

Отандасымыз биылғы сәтсіздіктерден кейін рейтингте құлдыраған еді

Маусымда алғаш рет: Рыбакина WTA 500 турнирінің финалына шықты
WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіске жетіп, маусымдағы алғашқы финалына жолдама алды.

Жартылай финалда Рыбакина әлемнің 23-ракеткасы бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта қазақстандық теннисші 7:6, 1:6, 6:2 есебімен басым түсті.

Айта кетерлігі, үшінші сетте Рыбакина 0:2 есебімен жеңіліп жатса да, қатарынан алты геймді өз пайдасына шешіп, мықтылығын көрсетті. Бұл жеңіс оған финалдық кезеңге өтуге мүмкіндік берді.

Финалға шыққаны үшін Рыбакина 87 825 еуро көлемінде жүлде мен 325 рейтингтік ұпайға ие болды. Еленаның ақпан айында Дубай мен Абу-Дабидегі турнирде жартылай финалға дейін жеткенін ескерсек, бұл – биылғы маусымдағы әзірге ең ірі жетістігі.

Финалда Елена Рыбакина америкалық Даниэль Коллинз бен ресейлік Людмила Самсонова арасындағы кездесу жеңімпазымен ойнайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам