Елена Рыбакина латвиялық теннисшіні жеңіп, «Ролан Гарростың» 1/8 финалына шықты

30.05.2025, 23:19

Енді оның келесі қарсыласы – әдемнің экс-бірінші ракеткасы

Елена Рыбакина латвиялық теннисшіні жеңіп, «Ролан Гарростың» 1/8 финалына шықты
WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (№11) «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты. Бүгін ол латвиялық Елена Остапенкомен ойнап (№21), қиындықсыз жеңіске жетті.

Матч екі сеттен асқан жоқ, қазақстандық теннисші 6:2, 6:2 есебін тіркеп, келесі айналым мәселесін шешіп тастады. Теннисшілер кортта 1 сағат 16 минут өткізсе, Рыбакина осы уақытта 6 эйс және 4 дабл-фол жасады. Ал, оның қарсыласы небәрі үш эйс тіркеп, 8 рет өрескел қателікке жол берді.

Келесі айналымда Елена Рыбакина польшалық даңқты теннисші Ига Швентекпен (№5) кортқа шығады. Ол бүгін румындық Жаклин Кристианды (№60) 6:2, 7:5 есебімен жеңді.

Айта кету керек, Ига Швентек «Ролан Гаррос» турнирінің соңғы чемпионы. Былтыр Парижде ол қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам