Қатарынан үшінші сенсация: Бублик Галле турнирінің финалына шықты

22.06.2025, 02:47

Енді ол финалда әйгілі ресейлік Даниил Медведевпен кездеседі

Қатарынан үшінші сенсация: Бублик Галле турнирінің финалына шықты
Getty Images

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 45-орын) Германияның Галле қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында өнер көрсетті.

Бублик финал жолдамасын ресейлік Карен Хачановпен (21-орын) сарапқа салып, үш сетке созылған тартысты матч қорытындысы бойынша жеңіске жетті — 4:6, 7:6, 6:4.

Осылайша, Александр Бублик турнир финалына жолдама алды. Ол шешуші кездесуде тағы бір ресейлік теннисші — Даниил Медведевпен (11-орын) кездеседі.

Айта кетейік, Бублик бұл аламанда бірқатар сенсациялық жеңіске қол жеткізді. Қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді (Италия) жарыс жолынан шығарып, одан кейін чехиялық Томаш Махачты (23-орын) да жеңді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам