Александр Бублик Галледегі турнирдің екі дүркін жеңімпазы атанды

Telegram WhatsApp

Аталған турнирде ол төрт рет сенсация жасады

Getty Images
Getty Images

Германияның Галле қаласы Қазақстанның бірінші ракеткасы – Александр Бублик үшін тағы да сәтті жерге айналды: ол беделді ATP 500 санатындағы Terra Wortmann Open турнирінің осымен екі дүркін жеңімпазы атанды.

Жарыс финалында Бублик ресейлік Даниил Медведевті 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіп кетті. Естеріңізде болса, отандасымыз бұл турнирде бұған дейін де жеңіске жеткен, атап айтқанда, 2023 жылы ол финалда өзге ресейлік теннисші Андрей Рублёвті ұтқан болатын.

Бұл жеңіс Бублик үшін 2025 жылғы маусымдағы алғашқы және мансабындағы бесінші ATP титулы болды. Бұған дейін ол мына турнирлерде чемпион атанды:

  • ATP 250 Монпелье (2022),
  • ATP 500 Галле (2023),
  • ATP 250 Антверпен (2023),
  • ATP 250 Монпелье (2024).

Сонымен қатар, мамыр айында ол Италияның Турин қаласында өткен «челленджер» жарысында да жеңіске жеткен еді. 

Галледегі турнир барысында Бублик төрт рет сенсация жасап, әлемнің үздік теннисшілерін тізе бүктірді: италиялық Янник Синнер (1-орын), чех Томаш Махач (23-орын), ресейліктер Карен Хачанов (21-орын) пен Даниил Медведев (11-орын).

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 55 994 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 155 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 136 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 638 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 265 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 144 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 138 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 623 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 397 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 552 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 592 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›