Александр Бублик Ресейден Қазақстанға неге кетті?

23.06.2025, 10:22

Бублик 2016 жылы 19 жасында Ресей азаматтығынан бас тартқан еді

Александр Бублик Ресейден Қазақстанға неге кетті?
KTF

Азия теннис федерациясының президенті және Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский белгілі теннисші Александр Бубликтің не себепті Қазақстанның атынан өнер көрсетуге шешім қабылдағанын түсіндірді.

Александр Бублик 2016 жылы 19 жасында Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан азаматтығын қабылдаған еді.

«Сашаның Ресейде неге ашыла алмағанына келсек, бұған бірнеше себеп бар. Біріншіден, Ресейде талантты теннисшілер көп. Медведев, Рублёв, Хачанов сияқты мықты ойыншылар бар – таңдау көп. Александрға да қызығушылық болған, бірақ нақты әрі жүйелі қолдау болмады. Екіншіден, Қазақстан теннис федерациясы оған сенім артып, команда құрамына қосты. Біздің тарапымыздан ол басты басымдыққа ие болды.

Үшіншіден, бір елден екінші елге ауысқан спортшы өзін дәлелдеуге тырысады. Ол бұл шешімінің дұрыс екенін көрсетуге ұмтылады. Ал біз оған толық қолдау көрсеттік. Спортшы бар күшін салып, федерация да 100% көмектескенде ғана нәтиже шығады», – деді Юрий Польский Советский спорт тілшісі Лев Бочаровқа берген эксклюзивті сұхбатында.

Польскийдің айтуынша, Қазақстан тарапы Александр Бубликтің бойындағы әлеуетті ерте байқаған.

«Оның антропометриялық деректері өте жақсы болды. Даму мүмкіндігі де жоғары еді. Осыған ұқсас жағдай Елена Рыбакинада да байқалды – біз оны да Қазақстанға шақырдық. Сол кезде Сашаға Ресей тарапынан ешқандай қолдау болмады. Ал біз қолдау көрсеттік, ол біздің ұсынысымызды қабылдады. Бұл – екіжақты келісім болды», – деді ол.

Айта кетейік, 22 маусым күні Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 турнирінің финалында Александр Бублик Даниил Медведевті 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам