ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Теннисші Анна Данилина Истборн турнирінің жартылай финалына шықты

26.06.2025, 12:30

Ол жұптық сайыста чехиялық Мария Боузковамен бірге жартылай финалға дейін жетті

Теннисші Анна Данилина Истборн турнирінің жартылай финалына шықты
ҰОК

Қазақстан атынан өнер көрсететін теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің финалына шығу үшін бақ сынайды.

Ол жұптық сайыста чехиялық Мария Боузковамен бірге жартылай финалға дейін жетті.

Ширек финалда Данилина мен Боузкова британиялық Джоди Беррэдж бен Сонай Картал жұбын 6:4, 7:6 есебімен жеңіп шықты.

Финалға жолдама алу үшін олар енді Майя Ламсден мен Харриет Дартты (Ұлыбритания) тізе бүктіруі қажет.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам