ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Алғаш рет қазақ баласы Уимблдонның негізгі кезеңінің қатысушысы атанды

26.06.2025, 21:45

Ол «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі себетінде алғаш рет өнер көрсетпек

Алғаш рет қазақ баласы Уимблдонның негізгі кезеңінің қатысушысы атанды
ҰОК

Ақтаулық теннисші Бейбіт Жұқаев Ұлыбританияның ашық чемпионаты – Уимблдон турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды. Ол «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі себетінде алғаш рет өнер көрсетпек.

Іріктеу финалында Бейбіт Жұқаев (әлемдік рейтингтегі орны – 251) Луку Павловичті (239) 3:6, 6:3, 6:2, 7:6 есебімен жеңді.

Уимблдон турнирінің негізгі кезеңіндегі жеребе жұма күні таңертең өтеді.

Бейбітпен қатар негізгі кезеңде Александр Бублик, Юлия Путинцева, Елена Рыбакина, Александр Шевченко және Анна Данилина да бақ сынайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам