Зарина Диас Испаниядағы турнирмен ерте қоштасты

27.06.2025, 10:15

1/8 финалда ол Чехия өкілі Тереза Мартинцовамен кездесті.

Зарина Диас Испаниядағы турнирмен ерте қоштасты
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Испанияның Пальма-дель-Рио қаласында өтіп жатқан ITF W35 сериялы турнирінің ширек финалына шыға алмады.

1/8 финалда ол Чехия өкілі Тереза Мартинцовамен кездесті.

Матч 1 сағат 20 минутқа созылып, 3:6, 1:6 есебімен чехиялық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Турнирдің ширек финалында Мартинцова италиялық Дилетта Черубини мен Франция өкілі Ясмин Мансури арасындағы кездесу жеңімпазымен ойнайды.

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын Зарина Испанияның Тауст қаласында өткен ITF W35 турнирінде үздік шықты. 

Финалад ол WTA рейтингінде 446-орында тұрған италиялық теннисші Дилетта Черубиниді 6:1, 6:7 (4:7), 6:1 есебімен жеңді. 

Ал мұның алдында ол WTA 250 турнирінде топ жарған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам