
Қазақстан атынан алғаш болып Юлия Путинцева кортқа шығады
Бүгін Ұлыбритания астанасы Лондонда теннистен әлемнің ең беделді турнирлерінің бірі – Уимблдонның алғашқы кездесулері өтеді. Аталған жарыс – «Үлкен дулыға» сериясына кіретін беделді дода.
Әлемнің 33-ракеткасы саналатын Юлия Путинцева алғашқы айналымда 12-ракетка, америкалық Аманда Анисимовамен кездеседі.
Айта кетейік, Юлия өткен жылы дәл осы турнирде сол кездегі әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекті жеңіп, алғаш рет төртінші айналымға дейін жеткен болатын.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина бірінші айналымда 49-орында тұрған армениялық Элина Аванесянмен кездеседі.
Рыбакинаның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі ең ірі жетістігі – 2022 жылғы Уимблдондағы чемпиондық. Ал өткен жылы ол жартылай финалда чехиялық Барбора Крейчиковаға жол берген болатын. Кейін Крейчикова чемпион атанды.
Ерлер құрамасының теннисшілері 1 шілдеде жарысқа қосылады:
Былтырғы жылы Бублик үшінші айналымға дейін жетсе, Шевченко алғашқы матчта ұтылып қалған. Биыл Бейбіт Жұқаев Уимблдонда негізгі кезеңге алғаш рет қатыспақ.