ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Қазақстандық тенннисші Уимблдонда оңбай жеңілді

Бүгін, 10:01

Уимблдонның бірінші айналымына қатысқаны үшін 77 220 еуро табыс табады

Қазақстандық тенннисші Уимблдонда оңбай жеңілді
Фото: Cameron Smith/Getty Images for LTA

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 33-орын) 2025 жылғы Уимблдон турнирінде сәтсіз өнер көрсетті.

Жекелей сында бірінші айналымда Путинцева америкалық Аманда Анисимовамен (WTA рейтингінде 12-орын) кездесіп, екі сетте оңбай ұтылды — 0:6, 0:6.
Соған қарамастан, қазақстандық спортшы Уимблдонның бірінші айналымына қатысқаны үшін 77 220 еуро табыс табады және рейтингілік 10 ұпай иеленеді.
Биыл турнирдің жалпы жүлде қоры 22 714 380 еуро.

Жекелей сында жеңімпаз атанған спортшы 3 510 000 еуро мен 2000 рейтингілік ұпай алады.

Турнирдің қазіргі чемпионы — чехиялық Барбора Крейчикова (WTA рейтингінде 16-орын). Ол былтыр күтпеген жерден финалға дейін жетіп, онда италиялық Жасмин Паолиниді (5-орын) 6:2, 2:6, 6:4 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, Юлия Путинцева - Қазақстан құрамындағы әйелдер арасында екінші ракетка. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам