Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина Аустралия ашық біріншілігінде жеңілді

18.01.2024, 17:35

Оның қарсыласы – Ресей теннисшісі Анна Блинкова

Елена Рыбакина Аустралия ашық біріншілігінде жеңілді
Reuters

Теннистен Аустралияның ашық біріншілігінде қазақстандық Елена Рыбакина ресейлік Анна Блинковаға есе жіберді. Отандасымыз үшінші сеттің тай-брейк кезеңінде 20:22 есебімен ұтылды.

Шешуші тай-брейк 31 минуттан астам уақытқа созылды. Бірінші сетте Блинкова 6:4 есебімен жеңіске жетсе, екінші кезеңде Рыбакина 6:4 нәтижесімен есепті теңестірген болатын. Үшінші сет 6:6 есебіне дейі жетіп, тай-брейк мықтыны анықтап берді.

Анна Блинкова әлемдік рейтингте 57-ші орында тұр. Ал Рыбакина турнир алында әлем бойынша үздік үштікке енген еді. Келесі кезеңге өткен Блинкова 1/16 финалда әлемдік рейтингте 26-шы орында тұрған италиялық Жасмина Паолинимен шеберлік байқасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам