ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина Уимблдонды күтпеген жеңіліспен аяқтады

05.07.2025, 19:58

Ол әлемнің 22-ракеткасы, даниялық Клара Таусоннан жеңілді

Елена Рыбакина Уимблдонды күтпеген жеңіліспен аяқтады
gotennis.ru

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орын) Уимблдон-2025 турнирін үшінші айналымда аяқтады. Ол әлемнің 22-ракеткасы, даниялық Клара Таусонға 6:7 (6:8), 3:6 есебімен күтпеген жерден жол берді.

Бұл нәтижесі үшін Рыбакина 152 000 фунт стерлинг (шамамен 177 840 еуро) сыйақы және 130 рейтингтік ұпай алды.

Еске салайық, Елена Рыбакина 2022 жылы Уимблдонды жеңіп алған болатын, ал өткен жылы жартылай финалға дейін жетті. Биылғы турнирдің жалпы жүлде қоры 53 500 000 фунт стерлинг (22 700 000 еуро). Әйелдер арасындағы жеке сында жеңімпаз 3 000 000 фунт стерлинг пен 2 000 WTA ұпайына ие болады. Қазіргі чемпион — WTA рейтингінде 16-орында тұрған чехиялық Барбора Крейчикова.

Осылайша, Уимблдон-2025 турнирінде қазақстандық теннисшілердің барлығы жекелей сындағы өнерін аяқтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам