ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Уимблдон: үш қазақстандық теннисші де жеңіліп қалды

Бүгін, 00:00

24 жастағы Жұқаев үшін бұл тарихи матч болды

Уимблдон: үш қазақстандық теннисші де жеңіліп қалды
Фото: Newhouse Media/MB Media/Getty Images)

Бір күннің ішінде Қазақстан Уимблдондағы үш теннисшісінен айырылды. 

Осыдан аз ғана уақыт бұрын отандық теннисші Александр Шевченко (ATP рейтингінде 98-орында) Уимблдон-2025 турнирінің жекелей сынында сәтсіз өнер көрсетті.
Бірінші айналымда ол америкалық Райли Опелкамен (70-орын) кездесіп, үш сетте жеңіліп қалды — 3:6, 5:7, 6:7.

Оған дейін Александр Бублик (31-орын) испаниялық Хауме Муньярдан күтпеген жерден ұтылып қалған еді — 4:6, 6:3, 6:4, 6:7, 2:6. 
Ал Бейбіт Жұқаев (247-орын) өзінің «Үлкен дулыға» турниріндегі алғашқы кездесуінде италиялық Флавио Коболлиге (24-орын) есе жіберді — 3:6, 6:7, 1:6. Матч 1 сағат 48 минутқа созылды.

Өкінішке қарай, Бейбіт Жұқаев Уимблдондағы жарысын мерзімінен бұрын аяқтады. Соған қарамастан 24 жастағы Жұқаев үшін бұл тарихи матч болды: себебі ол - «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңінде ойнаған алғашқы қазақ теннисші.

Биыл Уимблдон турнирінің жүлде қоры 22 714 380 еуроны құрайды. Жекелей сында жеңімпаз атанған спортшы 3 510 000 еуро мен 2000 рейтингілік ұпайға ие болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам