Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«WTT Youth Contender Almaty 2025»: Алматыдағы беделді турнирге әлемнің теннис жұлдыздары қатысады

22.07.2025, 14:19

Әлемнің 15 елінен келген үздік жас спортшылар бақ сынайды

«WTT Youth Contender Almaty 2025»: Алматыдағы беделді турнирге әлемнің теннис жұлдыздары қатысады
WTT Youth Contender Almaty 2025

Алматыда 23-26 шілде аралығында үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді. Беделді «WTT Youth Contender Almaty 2025» жарысына әлемнің 15 елінен келген үздік жас спортшылар қатыспақ. Толығырақ мақаладан оқи аласыз.

«WTT Youth Contender Almaty 2025» турнирі елімізде осымен үшінші мәрте өткізіліп отыр. Айтулы доданы Қазақстан алғаш рет 2023 жылы қабылдаған еді.  Жас теннисшілердің халықаралық рейтингіне, мансаптағы дәрежесіне тікелей әсер етіп, көзге түсуіне жол ашатын бұл жарысқа биыл 235 спортшы қатысады. Турнирге қатысатынын АҚШ, БАӘ, Гонконг, Жапония, Катар, Қытай Тайбэйі, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Сауд Арабиясы, Түркіменстан, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Үндістан, Қазақстанның Халықаралық үстел теннисі федерациясының рейтингінде көш бастап тұрған үздік жас теннисшілері растаған.

Қазақстан атынан қатысатын спортшылар да осал емес. Еліміздегі үстел теннисі жұлдыздары – Алан Құрманғалиев, Абай Жұмағұл, Олег Яковлев, Дулат Ералхан, Кадырали Кабдылуахитов, Абдулла Мамай, Алексей Маркин, Нұрдаулет Азаматұлы, Жания Бекмухамбетова,  Мария Лукьянова, Аделя Әлжанова, Дарья Фу сынды спортшылары әлем жұлдыздарымен жүлделі орындарды таласқа салады. Барлығы 86 қазақстандық спортшы бақ сынайды.

Спортшылар 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі жас ерекшеліктері бойынша жекелей және жұптық санаттарда өнер көрсетеді. Жоғары нәтиже көрсеткендерді бағалы сыйлықтар күтіп тұр.

Айта кетелік, дода World Table Tennis (WTT) ұйымының ресми күнтізбесіне енгізілген халықаралық жасөспірімдер турнирі саналады және Алматыда дәл осы ұйымның мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр.

Турнир Алматы қаласы, Нұркент шағын ауданы, 14Б мекенжайы бойынша орналасқан ADD Ustel Tennis Ortalygy спорт кешенінде өтеді.

Кіру тегін.

Матчтарды, сондай-ақ «QazSport» телеарнасының эфирінде көруге болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам