Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина Абу-Дабидегі жарысқа қатысатын болды

23.01.2024, 09:05

Аталған турнирге әлемнің өзге де мықты теннисшілері барады

Елена Рыбакина Абу-Дабидегі жарысқа қатысатын болды
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 500 Mubadala Abu Dhabi Open турниріне қатысатын болды. Жарыс 3-11 ақпан аралығында Абу-Даби қаласында өтеді.

Рыбакинадан бөлек аталған турнирге қатысатынын әлемдік рейтинг көшбасшылары да растаған. Олардың қатарында Онс Жабер (Тунис), Мария Саккари (Грекия), Барбора Крейчикова (Чехия) және Наоми Осака (Жапония) бар.

Биыл Mubadala Abu Dhabi Open жарысының жүлде қоры 922 573 долларды құрап отыр. Жеңімпаз 142 000 доллар және рейтингтік 500 ұпай алады. 

Ал, екінші орын алған теннисшіге 87 655 доллар мен 325 ұпай беріледі.

Еске салайық, Елена Рыбакина Аустралия ашық біріншілігін екінші айналымда аяқтады. Ол турнир аутсайлерлерінің бірі – ресейлік Анна Блинковадан жеңіліп қалды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам