Жекелей сында да отандық теннисшілер нәтижелі ойын көрсетуде
Қазақстандық жас теннисшілер Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова Аустралия ашық чемпионатын жұптық сында жеңіспен бастады. Омарханов оңтүстіккореялық Чанджун Киммен бірге екінші айналымға шығып отыр.
Олар бастапқы кездесуінде Изан Валентине – Тейс Богардты жұбын қапы қалдырып, есеп – 6:3, 7:5.
Омарханов пен Ким бір-бірін ойыншы ретінде жақсы біледі. Қос теннисші жекелей сында үшінші айналымда өзара кездеседі. Осыған дейін екеуі бір рет шеберлік байқасып, онда Әмір жеңген болатын.
Ал, Асылжан Арыстанбекова белоруссиялық Юлия Перепихинамен бірге аустралиялықтар Рени Алэйм — Алана Сибасичті 6:1, 6:3 есебімен ұтып, екінші айналымға өтті.