Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақстандық жасөспірім теннисші Australian Open турнирінің ширек финалына шықты

23.01.2024, 20:49

Оның ширек финалдағы қарсыласы жарыстың екінші ракеткасы Ханна Клагмен

Қазақстандық жасөспірім теннисші Australian Open турнирінің ширек финалына шықты
Архив: Қазақстан теннис федерациясы

Теннистен Мельбурн қаласында өтіп жатқан Australian Open турнирінде отандасымыз Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер жұптық жарысының ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші жұптық сында Беларусь елінің спортшысы Юлия Перепихинамен бірге Жапонияның спортшылары Хаю Киносита мен Вакана Сонобеден басым түсті. 

Ойынның бірінші сетінде Арыстанбекова мен Перепихина қарсыластарын 6:4 есебімен ұтса екінші кезеңде жапон спортшылары 6:2 нәтижесімен есепті теңестірді. Осыдан кейін супер тай-брейкте Арыстанбекова мен Перепихина 10:7 есебімен ойын тағдырын шешті. 

Ширек финалда Асылжан Арыстанбекова мен Юлия Перепихина жартылай финалға шығу үшін Australian Open турнирінің екінші ракеткасы ретінде тіркелген ұлыбританиялық Ханна Клагмен және Минге Сюйменмен шеберлік байқасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам