Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Анна Данилина АҚШ-тағы WTA 250 турнирінде чемпион атанды

24.08.2025, 11:55

Бұл - Анна Данилинаның жұптық сында алған WTA турнирлеріндегі 14-ші титулы

Анна Данилина АҚШ-тағы WTA 250 турнирінде чемпион атанды
Robert Prange/Getty Images

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, АҚШ-тың Кливленд қаласында өткен WTA 250 сериясындағы турнирде жеңіске жетті.

Финалда Данилина/Крунич дуэті Тайбэйден келген Хао Чин Чань мен қытайлық Синью Янь жұбын 7:6 (7:3), 6:4 есебімен ұтты.

Бұл - Анна Данилинаның жұптық сында алған WTA турнирлеріндегі 14-ші титулы. Оның қоржынында: бір WTA 1000, екі WTA 500, сегіз WTA 250 және үш WTA 125 трофейі бар.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Данилина финляндиялық теннисші Харри Хелиёваарамен бірге US Open турнирінде микст категориясында чемпион атанған болатын. Сондай-ақ ол жұптық разрядта екі «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шыққан: 2022 жылғы Australian Open-де Беатрис Хаддад Майямен және 2025 жылғы Roland Garros-та Александра Круничпен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам