Теннисші қосымша табыс табу үшін OnlyFans-қа тіркелген

Telegram WhatsApp

Бірақ ол «жалаңаш суреттерін жарияламайтынын» ерекше атап өтті

Фото: WTA  Читать больше на: https://024.by/2025/08/amerikanskaya-tennisistka-zarabatyvaet-ogromnye-dengi-na-onlyfans/
Фото: WTA Читать больше на: https://024.by/2025/08/amerikanskaya-tennisistka-zarabatyvaet-ogromnye-dengi-na-onlyfans/

Америкалық теннисші Сачия Викери мансабындағы үзіліс кезінде ақша табу үшін OnlyFans платформасына тіркелуге мәжбүр болғанын айтты.

Биыл Викери иығын жарақаттап алып, алты ай бойы кортқа шыға алмады. Осы уақыт аралығында ол қосымша табыс көзін іздеуге мәжбүр болған. Егер 2018 жылы теннисші әлемдік рейтингте 73-орынға дейін көтерілсе, қазір ол топ-550 қатарына қайта кіруге тырысып жүр. Викери кәсіби мансабында 2,1 миллион доллар тапқанымен, спортшының сөзінше, бұл теннис үшін аз.

«2 миллион доллар – теннис үшін түкке тұрмайтын ақша. Мен жаттықтырушыларға, фитнеске, физиотерапияға, қалыпқа келуге, МРТ-ға 100 мың доллардан астам қаржы жұмсадым. Көпшілік мұны байқамайды. Ал OnlyFans-тағы аккаунтым маған қаржылық қауіпсіздік сыйлап, еркіндік берді әрі мансабымды жалғастыруға мүмкіндік жасады»

дейді Викери

Теннисші платформаға тіркелген сәттен бастап сынға ұшырайтынын білгенін айтады. Бірақ ол «жалаңаш суреттерін жарияламайтынын» ерекше атап өтті.

«Адамдар сіздің OnlyFans-пен айналысатыныңызды көргенде, бірден порножұлдызбен байланыстырады. Бірақ көпшілігі OnlyFans-тың көп деңгейлі платформа екенін түсінбейді»

дейді спортшы

Викери табыс көлемін нақты ашып айтпағанымен, алғашқы үш айдың ішінде 1 миллион доллардан астам қаражат тапқанын, бұл тіпті барлық «Үлкен дулыға» турнирлерінен түскен табыстан да көп екенін мойындады. Оның айтуынша, табысы әлі де өсіп келеді.

Қазір Сачия кортқа қайта оралды. Өткен аптада жарты жылдық үзілістен кейін ол АҚШ-тың ашық чемпионатында алғашқы матчын өткізіп, екінші сетте қарсыласына есе жіберді.

Пікірлер

Материалда:

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 55 896 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 155 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 136 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 638 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 265 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 144 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 133 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 623 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 396 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 552 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 592 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›