Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Асылжан Арыстанбекова Australian Open турнирінің жартылай финалына шыға алмады

24.01.2024, 16:56

Әмір Омарханов жұптық және жекелей сында жарысты жалғастырады

Асылжан Арыстанбекова Australian Open турнирінің жартылай финалына шыға алмады
Қазақстан теннис федерациясы

Жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының жұптық сынында өнер көрсеткен қазақстандық Асылжан Арыстанбекова ширек финалда жеңілді.

17 жастағы қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Юлия Перепихинамен бірге жұп құрып өнер көрсеткен болатын. Ширек финалда олар жарыс фавориттері саналған британ теннисшілері Ханна Клагмен және Минге Сюймен өзара сайысқан болатын.

Өкінішке қарай, Асылжанның жұбы қарсыластарынан 6:2, 6:2 есебімен ұтылды.

Бұдан бөлек, Аустралия ашық чемпионатында Қазақстаннан Әмір Омарханов жұптық сында ширек финалға шықты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам