Қазақстан футболын 5-6 клан басқарып отыр. Жаңа шығарылым!

Әмір Омарханов Australian Open турнирінің жартылай финалына шыға алмады

25.01.2024, 13:33

Жерлесіміз осы жарыста әлемдік рейтингтің көшбасшысын жеңген болатын

Әмір Омарханов Australian Open турнирінің жартылай финалына шыға алмады
Қазақстан теннис федерациясы

Жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық біріншілігінде өнер көрсеткен қазақ теннисшісі Әмір Омарханов жартылай финалға шыға алмады.

Ширек финалда Омарханов Нидерланды теннисшісі Мец Ротгерингпен кортқа шықты. Екі сетке созылған матч 2:6, 0:6 есебімен аяқталды.

Айта кету керек, осы турнирге дейін Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 26-орында тұрған. Ол Қарағанды теннис мектебінің түлегі. Қазір Белградта жаттығу жасап жүр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам