
Енді жартылай финалда қытайлық теннисшімен кездеседі
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалда ол чехиялық теннисші Далибор Сврчинаны жеңді. Кездесу 6:1, 6:1 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы қытайлық Ву Ибинмен кездеседі.