ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Рыбакина жарақатына қарамастан Бейжиңдегі турнирді жеңіспен бастады

26.09.2025, 13:03

Ойын барысында Рыбакина шынтағын жарақаттап, тайм-аут алды

Рыбакина жарақатына қарамастан Бейжиңдегі турнирді жеңіспен бастады
ҰОК

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте 10-шы орында тұрған Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы Бейжиң турнирін жеңіспен бастады.

Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастады. Оның қарсыласы әлемдік рейтингте 90-шы орында тұрған америкалық Кэти Макнэлли болды. Тартысты өткен матч үш сетке созылып, қазақстандықтың жеңісімен аяқталды — 7:5, 4:6, 6:3. Кездесу 2 сағат 30 минутқа созылды.

Ойын барысында Рыбакина шынтағын жарақаттап, медициналық тайм-аут алды. Физиотерапевт спортшының шынтағы мен қолын тексеріп, массаж жасады. Соған қарамастан, Елена үшінші сетте күш жинап, жеңісті жұлып алды. Келесі кезеңде ол әлемдік рейтингтің 66-шы ракеткасы, германиялық Ева Лиспен кездеседі.

Айта кетейік, Бейжиң турнирі 24 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтеді. Биылғы дода Елена Рыбакина үшін ерекше маңызды, себебі ол WTA маусымдық финалына жолдама үшін күресіп жатыр. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам