
Қазақстандық теннисші 3:6, 2:6 есебімен жеңілді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Қытайдағы беделді турнирде алғашқы кезеңде жарыстан шығып қалды. Шанхайда өтіп жатқан ATP 1000 санатындағы хард корттағы жарыста ол бірінші айналымда француз спортшысы Адриан Манариномен кездесіп, жеңіліс тапты.
Әлемдік рейтингте 16-орында тұрған Александр Бубликке қарсы 60-шы орында тұрған француз теннисшісі Адриан Манарино сенімді ойын көрсетті. Қазақстандық теннисші 3:6, 2:6 есебімен жеңілді. Нәтижесінде, ол турнирді алғашқы кезеңде аяқтады.
Айта кетейік, осы аптада Александр Бублик Қытайдың Чэнду қаласында өткен ATP турнирінде чемпион атанып, мансабында алғаш рет әлемдік рейтингтің үздік 20 қатарына еніп, 16-орынға көтерілген болатын.