Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

«Жүлде қоры 1 млн доллар». Елена Рыбакина Токиодағы турнирдің жартылай финалына шықты

24.10.2025, 10:02

Матч бір сағат 26 минутқа созылды

«Жүлде қоры 1 млн доллар». Елена Рыбакина Токиодағы турнирдің жартылай финалына шықты
Фото: Alcoba Beitia/Getty Images

Қазақстандық теннисші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалында канадалық Виктория Мбоконы (әлемдік рейтингте №23) екі сетте жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Кездесу нәтижесі –  6:3, 7:6 (7:4). Бұл жеңіс Рыбакинаға қараша айында Эр-Риядта өтетін WTA Финалдық турниріне қатысу құқығын қамтамасыз етті.

«Бұл өте қиын матч болды. Бұған дейін де Викториямен кездескенім есімде, ол да оңай болмаған. Бүгін екі сетте жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Екінші сет өте тартысты өтті, екеуміз де жақсы ойнадық. Тай-брейкте сәл басымдық алып, матчты өз пайдамa шештім. Соңғы апталарда доп берулерім жақсы жұмыс істеп жүр, ал қабылдау кезінде қарсыласымның жақсы ойынына бейімделуге тырыстым. Жалпы, өте қиын және тең матч болды, нәтижеге ризамын», - деді Елена матчтан кейінгі сұхбатында.

Матч бір сағат 26 минутқа созылды.

Енді жартылай финалда Рыбакина Чехия теннисшісі Линда Носковамен (№17) кездеседі. Носкова бұл кезеңге ресейлік Анна Калинскаяның (№38) матчтан бас тартуының арқасында өтті.

Айта кетейік, Токио турнирінің жүлде қоры –  1,06 миллион доллар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам