Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Бублик Синнерден осымен алтыншы рет ұтылды

25.10.2025, 09:25

Турнирдің жүлде қоры - 2 736 875 еуро. Ал жеңімпаз 511 835 еуро мен 500 рейтингілік ұпай иеленеді

Бублик Синнерден осымен алтыншы рет ұтылды
Фото: US Open

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (әлемдік рейтингте №16) АТР 500 санатындағы Вена (Австрия) турнирінің ширек финалында әлемнің екінші ракеткасы италиялық Янник Синнерге есе жіберді.

Кездесу тағдыры екі сетте шешілді - 6:4, 6:4, италиялық спортшының пайдасына.

Ойын 1 сағат 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Синнер 8 эйс жасаса, Бублик 9 эйс орындап, 4 қос қателікке жол берді.

Енді 25 қазанда өтетін жартылай финалда Янник Синнер аустралиялық Алекс де Минаурмен (№7) кездеседі. Соңғысы өз кезегінде тағы бір италиялық Маттео Берреттиниді (№59) 6:1, 7:6 (7:4) есебімен жеңген болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін Александр Бублик чилилік Алехандро Табилоны (әлемдік рейтингте 75-орын) 6:4, 6:4 есебімен, сондай-ақ аргентиналық Франсиско Серундолоны (21-орын) 6:4, 6:2 есебімен жеңген болатын.

Турнирдің жүлде қоры - 2 736 875 еуро. Ал жеңімпаз 511 835 еуро мен 500 рейтингілік ұпай иеленеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам