Бублик биыл Қазақстанда өткен Almaty Open-2025 турниріне қатысқан жоқ
Әлемнің 16-ракеткасы, бұрын Қазақстан атынан өнер көрсеткен теннисші Александр Бублик Ресейде өтетін көрме турниріне қатысуға ниетті екенін айтты.
Ол Championat.com-ға берген сұхбатында 28–30 қараша аралығында Санкт-Петербургте өтетін «Солтүстік Пальмира трофейлері» турниріне қатыспау мүмкіндігі қандай екенін түсіндірді.
«Біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қазір, әрине, Петербургке барғым келеді, себебі мен онда маусымаралық дайындық өткізуді жоспарлап отырмын. Бір жарым айдай үйде боламын – бұл өте ыңғайлы. Өзім өскен қалаға теннис сыйлағым келеді. Арена үйімнен небәрі бес минуттық жерде орналасқан, ұшудың да қажеті жоқ. Турнирдің ұйымдастырылуы керемет. Петербург менің мансабымдағы алғашқы “уайлд-кард” алған жарысым болғандықтан, бұл турнир мен үшін ерекше», - деді Бублик.
Ол сондай-ақ, егер күтпеген жағдайлар болмаса, турнирге міндетті түрде қатысатынын айтты.
Айта кетейік, Александр Бублик биыл Қазақстанда өткен Almaty Open-2025 турниріне қатысқан жоқ.
Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польскийдің айтуынша, спортшы жарақат алып, Еуропада медициналық тексеруден өту үшін жолға шыққан.