ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина WTA 2025 маусымында миллионер атанды

04.11.2025, 16:07

Жартылай финалға шыққан ойыншыға $1 290 000 көлемінде ақшалай сыйақы береді

Елена Рыбакина WTA 2025 маусымында миллионер атанды
championat.com

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина WTA маусымының қорытынды турнирінде (WTA Finals 2025) керемет нәтиже көрсетіп, алғашқы болып жартылай финалға шықты.

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан маңызды сынның жүлде қоры рекордтық – $15,5 миллионды құрайды.

Бұл ретте жартылай финалға шыққан ойыншыға $1 290 000 көлемінде ақшалай сыйақы береді. Ал чемпион атанған теннисші $2 540 000 алады. Сонымен бірге, жеңімпаздың жалпы табысы $5 235 000 құрайды.

Елена Рыбакина бұл турнирде $1 050 000 тауып үлгерді. Оның ішінде бұл сынға қатысқаны үшін $340 000 берілсе, топтық кезеңдегі екі жеңісі үшін 710 мың долларға ие болды.
 
Елена Рыбакина – Қазақстан тарихындағы WTA маусымдық финалында (жекелей сында) өнер көрсеткен алғашқы теннисші. Бұған дейін ел намысын жұптық сында Ярослава Шведова мен Анна Данилина қорғаған болатын.
 
Сауд Арабиясы соңғы жылдары тенниске зор қаржы салып отыр. WTA Finals алдында мұнда жас теннисшілерге арналған ATP Next Gen Finals бәсекесі өткен еді. Ал жақында ATP және WTA бірлесіп жаңа “Masters 1000” турнирін өткізетінін мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам