Бүгін Эр-Риядта өтетін WTA маусымдық финалында ақтық сынға жолдама беретін матчтар ойналады. Фавориттердің қатарында – Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина. Ал, оның жеңіске жету мүмкіндігі қандай?
Джессика Пегула (АҚШ) – Елена Рыбакина (Қазақстан). 7 қараша, 20:00 (Астана уақыты)
Жартылай финалдың алғашқы кездесуінде топтық кезеңдегі жолы мүлде әртүрлі өткен қос теннисші кездеседі. Егер Елена Рыбакина плей-оффқа ерте жолдама алса, Джессика Пегула соңғы матчқа дейін күрескен. Olimpbet сарапшыларының болжамынша, бұл кездесуде де қазақстандық теннисші сенімді жеңіске жетіп, финалға өтеді.
Тұрақты Пегула
31 жастағы Пегула маусымдық финалға әлемдік рейтингте бесінші орында келді – Рыбакинадан бір саты жоғары. Ол топ-5 теннисшілерінің ішіндегі ең жарқындысы болмаса да, ең тұрақты ойыншылардың бірі саналады.
WTA Finals турнирін америкалық өз отандасы Кори Гауффқа қарсы жеңіспен бастады (6:3, 6:7 (4:7), 6:2). Кейін Арина Соболенкоға қарсы табанды ойын көрсетіп, бір сет ұтты (4:6, 6:2, 3:6).
Соңғы топтық ойында Пегула италиялық Жасмин Паолиниді жеңді (6:2, 6:3). Ал Соболенко Гауффты ұтқан соң, америкалық екінші орынмен плей-оффқа өтті және В тобының жеңімпазы – Елена Рыбакинамен кездесетін болды.
Рыбакинаның серпінді ойыны
Қазақстандық теннисші бастапқыда турнирдің басты фавориті саналмаған еді, бірақ қазір оның финалға шығатынына күмән аз. Рыбакина топтық кезеңде үш матчтың біреуінде ғана сет ұтқызды.
Алғашқы ойында америкалық Аманда Анисимованы сенімді ұтты (6:3, 6:1). Кейін әлемнің бірінші ракеткасы Ига Свентекке қарсы керемет камбэк жасап, алғашқы сеттен кейінгі екі партияда басым түсті (3:6, 6:1, 6:0).
Топтық кезеңнің соңында ресейлік Екатерина Александровамен өткен матчта да (6:4, 6:4) толық күшпен ойнап, жеңіске жетті.
Қазақстандық финалға жақын
Пегула оңай қарсылас емес. Ол подачада да, қабылдауда да тұрақты, хардта сенімді ойнайды және ұзақ розыгрыштарға шыдамды.
Дегенмен Olimpbet Arena мәліметінше, жеке кездесулерде америкалық әзірге алда (3:1). Бірақ жалпы алғанда Рыбакинаның әлеуеті мен таланты әлдеқайда жоғары.
Елена қуатты соққыларымен ерекшеленеді, сабырлы ойнайды, өз подачасынан тез ұпай жинайды және тамаша формада. Қазір ол қатарынан тоғыз матчта жеңіске жетіп келеді.
Сарапшылардың пікірінше, бұл жолы да Рыбакинаға айтарлықтай қиындық тумайды және ол 2:0 есебімен финалға шығады.

Арина Соболенко (Беларусь) – Аманда Анисимова (АҚШ). 7 қараша, 21:30
Бұл қарсыластар екі ай бұрын – АҚШ Ашық чемпионатының финалында кездескен еді. Ол кезде Соболенко екі сетте жеңіске жетті (6:3, 7:6 (7:3)). Olimpbet сарапшыларының болжамынша, бұл жолы да жеңіс беларусь спортшысына тиесілі болады.
Соболенконың қиын жолы
27 жастағы Соболенко – әлемнің бірінші ракеткасы және турнирдің басты фавориті. Бірақ топтық кезеңде ол оңайлықпен өткен жоқ. Алғашқы матчта Жасмин Паолиниді жеңді (6:3, 6:1), алайда кейін Пегула мен Гауффқа қарсы кездесулерде бір сеттен ұтқызды. Соған қарамастан, үш матчтағы жеңіс оған топтағы бірінші орынды әкелді.
Анисимованың артықшылығы
24 жастағы Анисимова – әлемнің төртінші ракеткасы, В тобында екінші орынмен жартылай финалға өтті. Алғашқы ойында ол Рыбакинадан ірі есеппен ұтылды (3:6, 1:6), бірақ кейін Мэдиссон Кизді (4:6, 6:3, 6:2) және Игa Свентекті (6:7 (3:7), 6:4, 6:2) жеңіп шықты.
Беларусь спортшысына қарағанда оның бір күн артық демалуға мүмкіндігі болды. Бұрынғы кездесулерде де Анисимова Соболенкоға лайықты қарсылық көрсеткен – олардың он матчының алтауында америкалық жеңіске жеткен.
Дегенмен, Эр-Риядта Анисимова өз ең жақсы бабында емес. Тіпті жарақат алған Киздің өзі одан бір сет ұтып алған.
Olimpbet сарапшылары бұл жартылай финалда айқын басымдықты Соболенкоға береді және матч 22 геймнен аспайды деп болжайды.
Дереккөз. Olimpbet Arena