ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Камбэк жасады». Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің финалына шықты

07.11.2025, 22:44

Жарыс Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатыр

«Камбэк жасады». Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің финалына шықты
Фото: VCG via Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 6-орында) WTA-2025 маусымының Қорытынды турнирінің финалына шықты.

Жарыс Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатыр.

Жартылай финалда Рыбакина америкалық Джессика Пегуламен (5-орын) кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті - 4:6, 6:4, 6:3. Финалда Елена белорус спортшысы Арина Соболенко (1-орын) мен америкалық Аманда Анисимова (4-орын) арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Еске сала кетсек, топтық кезеңде Елена Рыбакина үш бірдей жеңіске қол жеткізді. Ол америкалық Аманда Анисимованы - 6:3, 6:1, польшалық Ига Швентекті (2-орын) - 3:6, 6:1, 6:0, сондай-ақ ресейлік Екатерина Александровадан (10-орын) 6:4, 6:4 есебімен басым түскен еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам