Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Жүлде қоры – 35 миллион: Қызылордадағы үлкен бәйге болады

10.04.2026, 15:30

Кәсіби шабандоздар үшін алғашқы кезең – тек жүлде қоры үшін тартыс емес, сонымен қатар қысқы үзілістен кейінгі жылқылардың дайындығын тексерудің маңызды мүмкіндігі

Жүлде қоры – 35 миллион: Қызылордадағы үлкен бәйге болады
Olimpbet Arena

11 сәуір күні Қызылордада бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионаты – OLIMPBET 2026 турнирінің алғашқы кезеңі өтеді. 2025 жылғы рекордтық маусымнан кейін турнир ауқымын кеңейтіп, бәйгенің елдегі басты ұлттық спорт түрі ретіндегі мәртебесін нығайта түсуде.

Қызылорда дәстүрлі түрде елдің жарыс маусымын ашады. Кәсіби шабандоздар үшін алғашқы кезең – тек жүлде қоры үшін тартыс емес, сонымен қатар қысқы үзілістен кейінгі жылқылардың дайындығын тексерудің маңызды мүмкіндігі.

Алғашқы кезеңнің жалпы жүлде қоры – 34 900 000 теңге. Бағдарлама бес дисциплина бойынша жарыстарды қамтиды:

  • Аламан бәйге (Қазақстанда туған жылқылар үшін), 18 км – 10 100 000 тг
  • Аламан бәйге, 18 км – 9 100 000 тг
  • Топ бәйге, 12 км – 7 100 000 тг
  • Құнан бәйге (Қазақстанда туған жылқылар үшін), 7 км – 5 200 000 тг
  • Құнан бәйге, 7 км – 3 400 000 тг

Турнирдің бас серіктесі – Olimpbet. Компанияның көпжылдық қолдауы чемпионаттың дамуына елеулі үлес қосып келеді: осы серіктестіктің арқасында бәйге ұлттық мұра мәртебесін сақтап қана қоймай, ауқымды кәсіби спорт ретінде де дамып келеді.

Қашан: 11 сәуір, 12:00
Қайда: Қызылорда қаласы, ипподром
Кіру: тегін

Қазақстан Республикасының Бәйге федерациясы – бәйгені дамыту және насихаттаумен, сондай-ақ осы спорт түрі бойынша жарыстар ұйымдастырумен айналысатын ұйым.

Olimpbet – беттинг, спорт және ойын-сауық индустриясындағы Қазақстандағы жетекші компаниялардың бірі, түрлі спорттық жобалар мен ұйымдарды қолдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам