Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бәйгеден Қазақстан чемпионатының алғашқы финалистері анықталды

15.04.2026, 14:30

Дүбірлі дода Қызылордада өтіп жатыр

Бәйгеден Қазақстан чемпионатының алғашқы финалистері анықталды
Olimpbet Arena

Қызылордада өткен демалыс күндері Қазақстан чемпионатының жаңа маусымы — OLIMPBET 2026 бәйге додасы ресми түрде басталды. Алғашқы кезеңде қатысушылар 35 миллион теңге жүлде қорын ғана емес, жылдың гранд-финалына жолдаманы да сарапқа салды.

Құнан бәйге (7 км)

7 шақырымдық қашықтықта екі жарыс өтті. Қазақстанда туған жылқылар арасындағы бәсекеде 11 сәйгүліктің ішінен озып шыққан — Байғасыр. Ат тізгінін Ержан Нұрсұлтан ұстаса, бапкері — Санат Рысқұлов.

Ал 18 тұлпар қатысқан ашық жарыста жеңіс Қарақатқа бұйырды. Жокейі — Бақытбек, бапкері — Қуанышбек Досжан.

Топ бәйге (12 км)

Ең көп қатысушы жиналған жарыс — топ бәйге болды. 24 сәйгүлік бақ сынаған бұл додада бірінші орынды Орда иеленді. Атты тізгіндеген — Абзал Тұрғанбек, бапкері — Алматы облысынан келген Жамбыл Бөбекбай.

Аламан бәйге (18 км)

Ең ұзақ қашықтық — аламан бәйгеде де екі жарыс өтті. Қазақстандық жылқылар арасындағы сында Шалқииз бірінші болып мәреге жетті. Жокейі — Мерей Гарипуллин, бапкері — Жамбыл Бөбекбай.

Ал аламан бәйгенің негізгі жарысында алтын жүлде Найзаға бұйырды. Ат үстіндегі шабандоз — Нұрсилам Сайлау, бапкері — Дәурен Өміржанов.

Айта кетейік, осы кезеңнің қорытындысы бойынша ең нәтижелі бапкер ретінде Алматы облысының өкілі Жамбыл Бөбекбай танылды. Оның шәкірттері түрлі қашықтықта екі бірдей бірінші және жүлделі орындарды иеленді.

Ұйымдастырушылар пікірі

OLIMPBET компаниясының даму жөніндегі директоры, Қазақстан бәйге федерациясының бас серіктесі Абзал Калиев бәйгенің маусымы жоғары қарқынмен басталғанын атап өтті:

«Өткен жылғы рекордтық көрсеткіштерден кейін ұлттық мұраға деген қызығушылықтың арта түскенін көріп отырмыз. Olimpbet үшін бұл — ұзақмерзімді әріптестік. Біз федерацияға турнирдің ауқымын кеңейтуге, оны кәсіби әрі қазақстандық атбегілер үшін тартымды етуге қолдау көрсетуді маңызды санаймыз. Қызылордадағы жарыс тартысты өтті — бұл бәйгенің дамып келе жатқанын көрсетеді. Алда шабыт сыйлайтын маусым күтіп тұр».

Қазақстан чемпионатының келесі кезеңі 16 мамыр күні Талдықорғанда өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам