Турнирдің келесі кезеңі 4 шілде күні Павлодар қаласында өтеді
Қазақстан Республикасының байге чемпионатының іріктеу кезеңі – OLIMPBET турнирі Қала күніне орай ұйымдастырылды. Бұған дейін жергілікті ипподром мұндай деңгейдегі жарыстарды қабылдамаған еді.
Жарыс бағдарламасына төрт негізгі дисциплина енгізілді. Құнан бәйгеде 7 шақырым қашықтықта 16 қатысушы бақ сынады. Мәре сызығын бірінші болып Әли Қаупен тізгіндеген Айханым кесті. Екінші орынды Ерсұлтан Тілеуқабыл мінген Томми иеленсе, үздік үштікті Нұрислам Минасипов тізгіндеген Дария түйіндеді.

Қазақстанда туған жылқылар арасындағы 7 шақырымдық бәйгеде Анадия жеңіске жетті. Аттың шабандозы – Болат Әлімшайхы. Екінші орын Никита Ходырев мінген Зымыранға бұйырса, үшінші орынға Санжар Бақтыбай тізгіндеген Раушан ие болды.

12 шақырымдық Топ бәйгеде 13 сәйгүлік сынға түсті. Мәреге бірінші болып Анвархан Нұрсұлтан мінген Алтын алқа жетті. Екінші орынды Ерсұлтан Тілеуқабыл тізгіндеген Назик алса, үшінші орынға Ертілеу Адамия басқарған Әл-Хадид тұрақтады.

Күннің қорытынды жарысы – 18 шақырымдық Аламан бәйгеде Нұрислам Сайлау мінген Ботагөз жеңімпаз атанды. Екінші болып Нұралы Айтқабыл тізгіндеген Ұлытау келді. Үшінші орынды Ерсұлтан Тілеуқабыл мінген Торқа иеленді. Осылайша, Ерсұлтан Тілеуқабыл жарыс күні ішінде үшінші рет жүлделі орынға көтерілді.

Бірнеше маусым қатарынан ел чемпионатының бас демеушісі ретінде Olimpbet компаниясы қолдау көрсетіп келеді.
Турнирдің келесі кезеңі 4 шілде күні Павлодар қаласында өтеді.