Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Жетісу бәйгені қабылдады: Қазақстан чемпионатының екінші кезеңінде кімдер жеңіске жетті

20.05.2026, 17:15

Кезеңнің жүлде қоры 24,8 миллион теңгені құрады

Жетісу бәйгені қабылдады: Қазақстан чемпионатының екінші кезеңінде кімдер жеңіске жетті
Olimpbet Arena

Қызылордада басталған маусымнан кейін гранд-финал жолдамалары үшін тартыс Талдықорғанда жалғасты. Екінші кезеңде қатысушылар үш дисциплина бойынша жүлделерді сарапқа салды: құнан бәйге, топ бәйге және аламан бәйге.

Қазақстан чемпионатының екінші іріктеу кезеңі – OLIMPBET 2026 бәйгесі 16 мамыр күні Талдықорған ипподромында өтті. Кезеңнің жүлде қоры 24,8 миллион теңгені құрады.

Жүлде қаржысының қалай бөлінетіні және оның бәйге спортының дамуына әсері туралы чемпионаттың көпжылдық демеушісі Olimpbet компаниясының даму жөніндегі директоры Абзал Калиев айтып өтті:

«Жүлденің 60%-ы ат иесіне, 30%-ы командаға, 10%-ы шабандозға беріледі. Ең маңыздысы – бұл қаражат қарапайым отбасыларға түседі, ал жас шабандоздар өз отбасыларына көмектесе алады. Olimpbet бесінші жыл қатарынан Бәйге федерациясымен серіктес болып келеді және біз ұлттық спортымыздың әлеуметтік лифтке айналып келе жатқанын көріп отырмыз. Қомақты жүлде қоры пайда болған сайын дайындық деңгейі де өседі: ат иелері жүйріктерге көбірек қаржы бөледі, жаттықтырушылар жүйелі жұмыс істейді, бәсеке күшейеді. Осылайша бәйге дәстүрлі жарыстан нағыз спорт индустриясына айналып келеді».

Кезең аясында үш дисциплина бойынша төрт жарыс өтті. Құнан бәйге – жас жылқыларға арналған жарыс, топ бәйге – орта қашықтықтағы сайыс, аламан бәйге – күннің ең ұзақ жарысы.

Құнан бәйге, 7 км

Қазақстанда туған жылқылар арасында өткен құнан бәйгеге еліміздің түрлі өңірлерінен 18 үш жасар тұлпар қатысты. Жеңімпаз атанған – Айбарс.
Шабандозы – Ерсұлтан Жарқын, иесі – Тастан Жанысбаев, жаттықтырушысы – Алматы облысынан Санат Рысқұлов.

Екінші орынды Сағадат иеленді.

Шабандозы – Ерсұлтан Тілеуқабыл, иесі – Тастан Жанысбаев, жаттықтырушысы – Алматы облысынан Санат Рысқұлов.

Үшінші орынға Ақорда тұрақтады.

Шабандозы – Асланбек Әбдікал, иесі – KCK Nomad Arena, жаттықтырушысы – Алматы қаласынан Ержан Ақтасов.

Топ бәйге, 12 км

Кезеңдегі ең көп қатысушы жиналған жарыс – топ бәйге болды. Стартқа 31 жүйрік шықты.

Бірінші орынды Абырой жеңіп алды.

Шабандозы – Айтқабыл Нұралы, иесі – Ғабит Садырқұлов, жаттықтырушысы – Жамбыл облысынан Айдос Разақов.

Екінші болып Джокер мәреге жетті.

Шабандозы – Бейбарыс Төрехан, иесі – Жаныбек Нұрмақсұтов, жаттықтырушысы – Алматы облысынан Болысбек Ескендір.

Үшінші орын Ламбилге бұйырды.

Шабандозы – Мансур Әлижан, иелері – Абылай Қастенхан мен Давудбек Ибраймов, жаттықтырушысы – Алматы қаласынан Нұр-Әділет Ноқатай.

Аламан бәйге, 18 км

Аламан бәйгеде жеңісті Бозбиік иеленді.

Шабандозы – Айсұлтан Саматұлы, иесі – Сапарғали Сатпаев, жаттықтырушысы – Алматы облысынан Жамбыл Бөбекбай.

Екінші орынға Бұйрық келді.

Шабандозы – Кеншілік Мансур, иесі әрі жаттықтырушысы – Жетісу облысынан Мұрат Абдрахманов.

Үшінші орын – Айжұлдыз.

Шабандозы – Темірлан Айдарханов, иесі әрі жаттықтырушысы – Алматы облысынан Бақытжан Төлебеков.

Гранд-финал жолдамалары үшін тартыс 13 маусым күні Екібастұзда жалғасады. Онда Қазақстан чемпионаты – OLIMPBET 2026 бәйгесінің үшінші кезеңі өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам