«Біз 40 жылға артта қалдық»: Қазақстандағы ат жарысына Алматыда тұрақты алаң не үшін қажет?

2000-жылдардың басынан бері Алматы ипподромы жекеменшікте болды

Olimpbet
Olimpbet

10 қазанда Алматы ипподромында бәйге маусымы аяқталады. Қала меншігіне қайтарылғаннан кейін ипподром қазақстандық асыл тұқымды жылқыларды дайындау мен іріктеудің басты алаңына айналуы тиіс.

2000-жылдардың басынан бері Алматы ипподромы жекеменшікте болды. Осы уақыт аралығында 2030 жылы өзінің 100 жылдығын атап өтетін тарихи нысан аумақты құрылысқа пайдалану жоспарларына байланысты бірнеше рет сүрілу қаупіне тап болды. 2026 жылдың тамызында ипподром Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қайтарылды.

– 90-жылдардан бастап, егемендік алған сәттен бері мұнда бірде-бір адам, бірде-бір компания қаржы салған жоқ. Сондықтан ипподромның жабдықталуы жағынан біз 40 жылға артта қалып қойдық, – дейді Qazaq Jockey Club төрағасы Мақсат Ахаев.

Қазір клуб пен ат спорты саласының өкілдері Алматы ипподромын одан әрі дамытуға арналған техникалық тапсырманы әзірлеуге қатысып жатыр.

– Біз үшін ең алдымен жылқылар мен шабандоздардың қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан аттар тайып кетпейтін және жарақат алмайтын мінсіз жарыс жолы болуы керек.

Qazaq Jockey Club төрағасының айтуынша, сапалы жолда тұрақты түрде бәйге өткізу тұқымның ең үздік өкілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Кейін олар Қазақстандағы асыл тұқымды жылқылардың гендік қорын көбейтуге пайдаланылады.

Тұрақты жарыстар өткізудің маңызы туралы айтқан Мақсат Ахаев қиын кезеңде ат спорты қауымдастығына қолдау көрсеткен Olimpbet компаниясының рөлін атап өтті. Olimpbet 2023 жылдан бері Қазақстандағы тегіс бәйгелерге қолдау көрсетіп келеді.

Компанияның даму жөніндегі директоры Абзал Қалиев:

– Ипподромның қала меншігіне қайтарылуы – бүкіл ат спорты қауымдастығы үшін маңызды оқиға. Qazaq Jockey Club-ты және осы алаңның болашағы болуы үшін ұзақ жылдар бойы еңбек еткен барша азаматты құттықтағым келеді! – деді.

Бәйге маусымы Алматы ипподромында 10 қазанда аяқталады. Бұл күні тегіс бәйгеден жарыстар және бәйгеден Қазақстан чемпионатының финалы өтеді. Екі турнир де Olimpbet қолдауымен ұйымдастырылады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам