Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Павлодардағы бес бәйге: чемпионаттың төртінші кезеңінде кімдер жеңіске жетті

Бүгін, 17:09

Осы маусымда алғаш рет жарыстар кешкі уақытта ұйымдастырылды

Павлодардағы бес бәйге: чемпионаттың төртінші кезеңінде кімдер жеңіске жетті
Olimpbet

«Ертіс-Павлодар» ипподромында Қазақстанның OLIMPBET 2026 бәйге чемпионатының кезекті кезеңі өтті. Жеңімпаздар 8, 14 және 20 шақырым қашықтықтағы бес жарыста анықталды.

Павлодар кезеңінің басты ерекшеліктерінің бірі – осы маусымда алғаш рет жарыстар кешкі уақытта ұйымдастырылды. Бұл әрі жүйріктерге, әрі шабандоздарға қолайлы болды.

8 шақырымдық құнан бәйгеде шабандоз Ержан Сабыр тізгіндеген Секрет жеңіске жетті. Екінші орынға Ерсұлтан Күмісбек мінген Моншақ ие болды. Ал үшінші болып Әмір Сералы тізгіндеген Тұз мәреге жетті.

Ең көп қатысушы жиналған жарыс – 14 шақырымдық топ бәйге болды. Бұл сында 31 жүйрік бақ сынады. Бірінші болып мәреге Әмір Сералы мінген Самғау жетті. Екінші орынды шабандоз Мерей Ғарипуллин тізгіндеген Гун иеленсе, үшінші орынға Әмір Серік басқарған Өкжетпес тұрақтады.

Қазақстанда туған жылқылар арасындағы 8 шақырымдық құнан бәйгеде Дайра жеңімпаз атанды. Оны Дамир Ілесбек тізгіндеді. Екінші болып Нұрсұлтан Анварқан мінген Айтуар келді. Үшінші орынды Нұрасыл Танат басқарған Ақмоншақ иеленді.

Қазақстанда туған жылқылар арасындағы 20 шақырымдық аламан бәйгеде 16 жүйрік сынға түсті. Жеңісті Амангелді Хамза мінген Ай батыр тойлады. Екінші орын Алмат Ибраһимұлы тізгіндеген Стерлок Алекске бұйырды. Үшінші болып Дамир Ілесбек мінген Жұмбақ мәреге жетті.

Күннің қорытынды жарысы – 20 шақырымдық жалпы аламан бәйге болды. Онда 22 жүйрік бақ сынады. Жеңімпаз атанған Шалкиізді шабандоз Мерей Ғарипуллин тізгіндеді. Екінші орынды Дамир Ілесбек мінген МММ Торы иеленді. Ал үшінші болып Шәкәрім Тәжі басқарған Кейіпкер мәреге жетті.

Қазақстанның OLIMPBET 2026 бәйге чемпионаты іріктеу кезеңдерімен жалғасады. Маусым қорытындысы бойынша үздік қатысушылар гранд-финалда бақ сынайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам