Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Елордада «Алтын сақа» республикалық турнирі өтті

01.06.2024, 19:54

Жарысқа 132 бала қатысқан

Елордада «Алтын сақа» республикалық турнирі өтті
Астана қалалық әкімдігі

1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласының «QazEXPO» халықаралаық көрмесінің аумағында асық атудан «Алтын сақа» республикалық турнирі өтті. Республикалық жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 50-ге тарта асықшы қатысты.

Республикалық турнирдің ашылу салтанатында сөз алған қалалық Спорт басқармасына қарасты спорт бөлімінің басшысы Азамат Қазезұлы қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңістер тіледі.

«Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бастап аталған ойын заманға сай жаңарып жандана түсуде. Ұлттық рухты көтеретін төл ойындарымыздың жер-жерде жиі ойналуы үрдіске айналып, республикалық, қалалық турнирлер дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Оған дәлел – күні кеше Астана төрінде 132 баланың қатысумен асық атудан Қазақстан чемпионаты бастауын алды.

Бүгінгі турнирге қатысып жатқан жас жеткіншектерге алдағы ойындарда асықтары алшысынан түссін деп, жеңісті күндер тілеймін», - деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша шараның мақсаты – ұлттық және рухани құндылықтарды ұлықтау, қазақ халқының төл өнері – ұлттық спортты жан-жақты дәріптеу. Жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухын сіңіру арқылы оларды бірлікке, тұтастыққа баулу.

Республикалық турнирдің қорытындысы келесідей:

Ұлдар арасындағы өткен сайыстың нәтижесі бойынша:

1-орын: Ыбрай Әлихан, БҚО
2-орын: Шыңғыс Арман, Астана қаласы
3-орын: Тұрша Еркебұлан Қостанай облысы

Қыздар арасындағы өткее сайыстың нәтижесі:

1-орын: Сауранбаева Құралай, Алматы облысы
2-орын: Сағынбай Айзерек, Алматы облысы
3-орын: Кабаева Аяжан, Астана қаласы

Жарыс қорытындысы бойынша Асық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушы балаларға арнайы мәзірмен ас және тәттілер ұсынылды.

Айтулы шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, көшпенділердің асық спорты халықаралық федерациясы, Қазақстан Республикасының асық федерациясы және «Respublica» партиясы бірлесіп ұйымдастырды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам