Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Әділетсіз болатынын білдік, бірақ дәл мұндай сорақылықты күтпедік – қырғыз көкпаршылары

12.09.2024, 17:43

Команданың бас бапкері өзіне күштік құрылымдар тарапынан қысым болғанын айтып отыр

Әділетсіз болатынын білдік, бірақ дәл мұндай сорақылықты күтпедік – қырғыз көкпаршылары
ҚР Парламент Мәжілісі

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы көкпардың финалына қатысты дау әлі басылар емес. Әсіресе, қырғыз тарапы өз наразылығын білдіріп жатыр. 

Жарыстан кейін Қырғызстан құрамасының басшысы Эрлан Абдыкапаров тілшілерге берген сұхбатында «Қазақстан тарапы көзімізді бақырайтып қойып жеңісті тартып алды» дегенді айтты.

«Әділетсіз болатынын біліп келдік қой. Алайда, сорақылық дәл осыншалықты болады деп күтпегеніміз рас. Төрешілер бізді балағаттады, ал полиция мен арнайы жасақ ойыншыларымызды сабады. Маған ҰҚК қызметкері келіп, куәлігін көрсетіп, суретке түсіріп алды да «халықтар арасына алауыздық туғызып жатырсың» деп қорқыта бастады. Қысым өте қатты болды. 

Бірінші таймда 3:1 есебімен алға шыққан соң, төбелес басталды. Сол кезде бізге қайта шығып ойнауды ұсынды. Әділ болатынын айтты. Екінші таймда сөздерінде тұрмады. Қазақстан тарапы осындай әділетсіздік пен ұйымдастыру ісінен қателік жібереді деп ойлаған жоқпыз. Егер оларда титтей намыс болса, мұндай жеңісті тойламайды. Біздің жігіттер барын салды. Мен үшін бұл 12 ойыншы – чемпион», – дейді Қырғызстан құрамасының басшысы Эрлан Абдыкапаров.

Еске салсақ, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы финал 5:4 есебімен аяқталды. Қазақстан көкпаршылары жеңісті қосымша уақытта жұлып алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам