“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Қырғыздың көкпар жанкүйерлері Көшпенділер ойынындағы төрелікке наразылық білдіріп жатыр

12.09.2024, 15:31

Олар қазақ көкпаршылары мен төрешіні балағаттаған

Қырғыздың көкпар жанкүйерлері Көшпенділер ойынындағы төрелікке наразылық білдіріп жатыр
Ұлттық спорт қауымдастығы

Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында шу шықты. Көкпардан финалдық ойында Қазақстан мен Қырғызстан командалары кездесіп, даулы матчтың нәтижесі қазақ шабандоздарының пайдасына шешілген болатын. Мұнан кейін қырғыз жанкүйерлері әлеуметтік желі арқылы жарыс төрешілері мен Қазақстан құрамасын балағаттауда.

Даулы матч деуіміз – ойын барысында қазақ пен қырғыз көкпаршылары төбелесіп қалды. Бұл уақытта Қырғызстан 3:1 есебімен алда тұрған. Араға тәртіп сақшылары түскеннен кейін ойын біраз уақытқа тоқтатылып, қайта жалғасты. Осыдан кейін Қазақстан командасы серкені қазандыққа қайта-қайта салып, ақыры ойынды жеңіп шықты (5:4).

Instagram желісіндегі қырғызстандық пабликтерде қырғыз жанкүйерлері наразылық білдіріп жатыр. Олар бірауыздан төреліктің әділ болмағанын айтуда.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам