Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенттері тағайындалды

05.02.2025, 19:37

1 ақпанда қауымдастықтың президенті тағайындалған еді

Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенттері тағайындалды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенттері тағайындалды. Қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті болып Бақытжан Тұрлыбеков, ал спорт жөніндегі вице-президенті-атқарушы директоры болып Бақдәулет Сәбитов тағайындалды.

Қауымдастық президенті Еркебұлан Ильясов аталған тағайындаулардың Ұлттық спорттың даму жолында маңызды қадам болатынын атап өтті.

Бақдәулет Сәбитов 2022-2025 жылдар аралығында ҚР ТСМ, «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» директоры болды. Ал, Бақытжан Тұрлыбеков – «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті қызметін атқарады. 

Еске салайық, 1 ақпан күні ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып Еркебұлан Ильясов сайланды. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, садақ ату, асық ату және Республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясы кіреді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам