Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алды

28.02.2025, 16:15

Аталған әлем чемпионатына кейбір елдің мықты балуандары қатыспады

Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алды
Қазақ күресі федерациясы

Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен әлем чемпионаты аяқталды. Байрақты бәсекеге әлемнің 20-дан астам елінен балуандар бақ сынады. 

Чемпионат нәтижесінде Қазақстан балуандары 12 алтын, 2 күміс, 2 қола медальға ие болып, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте жарысты бірінші орынмен аяқтады. 

Бірінші орын:

  • Бекжан Төлепов (55 келі)
  • Мейіржан Берекетов (60 келі)
  • Нұр Аманшүкіров (66 келі)
  • Жұмажан Қожамбетов (74 келі)
  • Ерсін Сейтқазинов (82 келі)
  • Айдос Ғалымов (90 келі)
  • Ерсұлтан Мұзаппаров (-100 келі) 
  • Айжан Жылқыбаева (48 келі)
  • Рауза Нұрмахаметова (56 келі)
  • Зарина Сарипова (65 келі)
  • Альбина Бакиева (+77 келі) 

Екінші орын:

  • Нұрдәулет Жарылғапов (+100 келі)
  • Роза Ныссантайқызы (70 келі) 

Үшінші орын:

  • Аружан Адасхан (52 келі)
  • Гүлім Елубай (60 келі) 

Айта кетейік, аталған әлем чемпионатына кейбір елдің мықты балуандары қатыспады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам