Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Бүркітші Айшолпан отбасымен бірге Қазақстанға біржола қоныс аударды (ВИДЕО)

29.01.2024, 09:13

Оның есімі әлемге 2018 жылы танылған болатын

Бүркітші Айшолпан отбасымен бірге Қазақстанға біржола қоныс аударды (ВИДЕО)
Айшолпанның жеке мұрағатынан

Моңғолияда дүниеге келген белгілі бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызының ата-анасы Қазақстанға қоныс аударды. Бұл туралы Kazinform мәлімдеді.

Бүркітшінің сөзінше, ол қазіргі уақытта Алматыдағы университеттің бірінде соңғы курста оқып жатыр екен.

«Мен Қазақстандамын, бір аптадай бұрын ата-анам мен бауырларым көшіп келді. Өзім Алматыдағы С.Демирел атындағы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 4 курста оқып жатырмын. Қазір мамандығым бойынша жұмыс қарастырып жатырмын», - деді Айшолпан Нұрғайыпқызы.

Танымал қыз бүркіт салу өнерін әлі күнге жалғастырып келе жатқанын атап өтті. 

«Оқу мен бүркітшілікпен айналысуды қатар алып жүрмін. Аптасына бір рет айналысамын. Бірақ жарыстарға қатыспадым. Ондай шараларға тек қонақ ретінде барамын, себебі оқудан қол тимейді», - деді ол.

Айта кетейік, 2018 жылы Айшолпан Нұрғайыпқызы туралы деректі фильм жарияланды. Моңғолия тұратын қазақ қызы өзінің ерекше өнерімен әлемге танымал болып, кейін Қазақстанға шақырылды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам