Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Бакуде қазақ күресінен еуропа чемпионаты өтіп жатыр

29.01.2024, 11:35

Соңғы бірнеше жылда ұлттық күресімізден әлем және құрлық чемпионаттары жиі өткізіліп келеді

Бакуде қазақ күресінен еуропа чемпионаты өтіп жатыр
qazaqkuresi.kz

Әзірбайжан астанасы Бакуде қазақ күресінен ересектер арасындағы Еуропа чемпионаты басталды, деп хабарлайды 1bol.kz.

Қазақ күресі қауымдастығының мәліметінше, бұл жарыста «кәрі құрлықтың» 15-ке жуық елінің спортшылары бақ сынап жатыр. «Біріккен Күрес әлемі» (UWW) аясында өтіп жатқан біріншілікте ерлер мен әйелдер күресіп, 16 салмақ дәрежесінің мықтыларын анықтайды.

Жарысты алғысөзбен ашқан UWW Конгресі бюросының мүшесі, дәстүрлі күрес түрлері комитетінің президенті Родика Мария Якши ханым Еуропа чемпионатының қазақ күресін дамытудағы рөлін атап өтіп, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Салтанатты шара барысында сөз алған Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов аталмыш чемпионаттың маңыздылығына тоқталып өтті.

«Қазақ күресі – Еуразия құрлығындағы барлық дәстүрлі күрес түрлерінің синтезінің нәтижесі. Төл күресіміз 1938 жылдан бері республикалық жарыстардың бағдарламасына кіреді. Ал 2016 жылы қазақ күресі ЮНЕСКО-ның адамзаттық материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілген. Бүгінге дейін қазақ күресінен 10 Әлем чемпионаты, 12 Азия чемпионаты, 6 Әлем кубогі және 5 Еуропа чемпионаты өтті. Кезекті Еуропа чемпионатының Әзірбайжан елінде өтіп жатқанына қуаныштымыз. Чемпионатты жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан жергілікті қазақ күресі федерациясының басшылығы мен ұжымына алғысымды білдіремін», - деді Дамир Әсенғазыұлы.

Еске салсақ, қазақ күресінен соңғы Еуропа чемпионаты Сербияның Зренянин қаласында өткен болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам